Advertisement
Not a member of Pastebin yet?
Sign Up,
it unlocks many cool features!
- 1 нұсқа
- 1. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
- А)Кейде; В)Ән бе екен?; С)Төмен қарай; Д)Намыс пен ерлік; Е)Бар ма?
- 2. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
- А)Көз шырымын алды; В)Мен келдім; С)Мүмкін, келер; Д)Оқыған оқушы; Е)Меніңше, дұрыс.
- 3. Жай сөйлемді ажыратыңыз.
- А)Абайдың шәкірті; В)Дала тастай қараңғы екен;
- С)Ұрыншақ жігіт; Д)Ауыл іші; Е)Төбе шашы тік тұру.
- 4. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
- А)Асқар онша әнші болмағанмен, музыкалық сауаттылығы жоғары еді; В)Құлыншақ бірде қол кісі, бірде шал кісі; С)Қоңырау соғылды; Д)Түйе екеш түйе де керек: әрі көлік, әрі асыл жүні бар; Е)Екпей, егін болмас, үйренбей, білім болмас.
- 5. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.
- А)Ер жолдасы- тәуекел; В)Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында; С)Көп түкірсе, көл болады; Д)Айласыз батыр алданар; Е)Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма.
- 6. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.
- А)Үй тарлығынан қысылып отыр; В)Менің кішкене үйім сіздерге тарлық етер; С)Тарлық тірі жанға не істетпейді?; Д)Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?; Е)Үйі тар болғандықтан, қонақ та шақыра алмады.
- 7. Үстеу қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.
- Оқты жаңбырша жаудырды.
- А)Пысықтауыш; В)Бастауыш; С)Толықтауыш; Д)Баяндауыш; Е)Анықтауыш.
- 8. Стильдің анықтамасын табыңыз.
- А)Көркем сөйлеу әдебі, мәнерлеп айту жүйесі; В)Сөйлей білудің және жазу мәнерінің қалыптасқан жүйесі; С)Сөйлей білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім; Д)Жазу мәдениеті , көне сөздерді қолдану тәсілі; Е)Ауызша айту әдебі.
- 9. Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз.
- А)Бұ-лтты-лық; В)Бұлт-ты-лық; С)Бұл-тты-лық; Д)Бұ-лт-ты-лық; Е)Бұ-лт –тыл-ық.
- 10. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.
- А)Ақыйу; В)Ахию; С)Ақіиу; Д)Ақиу; Е)Ақию.
- 11. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
- А)Фотокөрме; В)Шаңсорғыш; С)Қызкеліншек; Д)Қонақжай; Е)Алтыбақан.
- 12. Сөз құрамын, сөз таптарын зерттейтін ғылым саласын белгілеңіз.
- А)Фонетика; В)Синтаксис; С)Пунктуация; Д)Лексика; Е)Морфология.
- 13. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
- Уай, шіркін, ән деп осыны айт.
- А)Бірыңғай мүше; В)Қаратпа; С)Одағай; Д)Еліктеу; Е)Қыстырма.
- 14. Туынды сын есімнен жасалған.
- А)Құрт-құмырсқа; В)Апыл-ғұпыл; С)Ұрмай-соқпай; Д)Жігіт-желең; Е)Үлкенді-кішілі.
- 15. «Ма», «ме», «ба», «бе» - шылауы қандай грамматикалық тұлғалармен сәйкес келеді, табыңыз.
- А)Етістік жұрнағы; В)Көсемше жұрнағы; С)Есімше жұрнағы; Д)Рай жұрнағы; Е)Болымсыз етістік жұрнағы.
- 16. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
- А)Қараңғы түсті де, жұлдыздар көріне бастады; В)Айтқандарың жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды; С)Олақ өзгеге сенсе, өнерлі өзіне сенеді; Д)Түлкінің қызылдығы өзіне сор; Е) Ұлың өссе, ұлығың.
- 17. Антонимдік жұп қайсысы, табыңыз.
- А)Құмырсқа бел - жіңішке бел; В)Сәлем – сауқат; С)Бажа – абысын; Д)Аш – тоқ; Е)Аралас – құралас.
- 18. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.
- А)Бос шылбырды сүйретіп қайтесің?; В)Аққу жүзді сызылып; С)Орманның оңтүстік тарапына жатады; Д)Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан; Е)Жиырма бестерге келген қыз екен.
- 19. Деректі зат есмідер қатарын табыңыз.
- А)Ауа, жел; В)Ақыл, ес; С)Көңіл, сезім; Д)Мектеп, ағаш; Е)Ой, сана.
- 20. Ыңғайластық жалғаулықтар қатарын көрсетіңіз.
- А)Өйткені, себебі, неге десең; В)Мен (бен, пен), да (де, та, те), және, әрі; С)Сондықтан, сол себепті; Д)Алайда, әйтпесе, әйтпегенде, бірақ; Е)Я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде.
- 21. Басыңқы сөздің тұлғасын белгілеңіз.
- Марат оқыған.
- А)Сын есім; В)Есімдік; С)Есімше; Д)Ырықсыз етіс; Е)Етіс.
- 22. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
- А)Жаздық; В)Жаздай; С)Жаз; Д)Биыл; Е)Білім.
- 23. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
- А)Бағы жанды; В)Ақсақ құлан; С)Алпыс – жетпіс; Д)Ит өлген жер; Е)Қас қаққанша.
- 24. Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркестерін көрсетіңіз.
- А)Өнерлі жастар; В)Өзіміздің балалар; С)Мектеп оқушылары; Д)Еңбектеген бала; Е)Көңілді қария.
- 25. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз.
- А)Грамі; В)Граммі; С)Граммы; Д)Грамми; Е)Грамы.
- 26. Толықтауыштағы қатынастағы сөз тіркесін табыңыз.
- А)Шаруақор адам; В)Ерте тұру; С)Сауықшыл жігіт; Д)Тебеген ат; Е)Бұйымдарды сату.
- 27. Жақты сөйлемді табыңыз.
- А)Сауын биені онда апарып байлауға болмайды; В)Сондай дөрекі мінездің керегі не?; С)Япыр-ай, Абайжан-ай!; Д)Енді қорықпаймын; Е)Әрнені білмек керек.
- 28. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
- А) «Жақсы сөз жараны да жазар» дегендей, балаға әке тәрбиесі керек; В) «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқиық; С) «Қазақ солдаты» романы талданды; Д) «Еңбек адамды биікке жетелер», - деді Ақнұр; Е) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы шықты.
- 29. Көнерген сөзді табыңыз.
- А)Мен Біржан күннен-күнге айқындалған,
- Көкшетау дуанына даңқым барған; В)Қарлығаштар әдемі ұя сала бастады; С)Жер-жерге үндеухат жазылды; Д)Үйге кеше ағайым келді; Е)Басқарма мүшелерінің жиналысы болды.
- 30. Күшейтпелі шырайлы сын есімді табыңыз.
- А)Пысықтау бала; В)Ақшыл көйлек; С)Тым жақын; Д)Жап-жақсы әңгіме; Е)Зор денсаулық.
- 2 нұсқа
- 1. Сұрау есімдігінің 1 жақта жіктелген түрін көрсетіңіз.
- А) Кімде?; В) Кімбіз?; С) Қаншасы?; Д) Қалай?; Д) Кімі?
- 2. Антоним сөздерді табыңыз.
- А)Үстем-басым.; В) Ызақор- шақар.; С) Үздік- создық.; Д) Жөндеу- бұзу.; Е)Ұялшақ-ұяң.
- 3. Тек орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын әріпті көрсетіңіз.
- А) Қ; В) Т; С) С; Д) К; Е) В
- 4. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.
- А) –атын,-етін.; В) –хана,-паз.; С) –қан,-ген.; Д)-дың.-дің.; Е) –шыл,-шіл.
- 5. Бейнелік мағынаны бідіретін сөздерді табыңыз.
- А)Ебелең-ебелең, селтең-селтең.; В)Аудандық, мейрамхана.; С) Тырс-тырс, дүңк-дүңк.; Д) Кейбір, әлдене.; Е) Отыр, жазғыз.
- 6. Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз.
- А) Көрген сайын сұрайды.; В) Тойдың соңы.; С) Оқиғаны зерттеу.; Д) Қызметке тұру.; Е) Күміс білезік.
- 7. Қыстырма сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
- А) Байқаймын- ол мені танитын адамға ұқсайды.; В) Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ.; С) Менің білуімше, ел бір заманда қой баққан сияқты.; Д) Ең әуелі: жайдақ суға теңердіңіз.; Е) Амал нешік келдім.
- 8. Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіз.
- Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!
- А) Біріңғай мүше; В) Одағай.; С) Оңашаланған айқындауыш; Д) Қыстырма сөз.; Е) Қаратпа сөз.
- 9.Тәуелденіп барып септелген сөзді көрсетіңіз.
- А) Ұялмаған бұйырмағанды ішеді.; В) Барға қанағат ет.; С) Өлімнен ұят күшті.; Д) Жүрегімнің түбіне терең бойла.; Е) Оқудан оралды.
- 10. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
- А) Тарлан ат.; В) Аққан жұлдыз.; С) Тарихи мұражай.; Д) Табанынан таусылу.; Е) Еңбекақы төлеу.
- 11. Тура толықтауышты тіркесті табыңыз.
- А) Ойында сақтаулы.; В) Келгеніне риза болды.; С) Ауылдан келді.; Д) Оны білгенін жасырды.; Е) Ауданға барды.
- 12. Біріңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.
- А) Тыңда, дала, Жамбылды.; В) Мен сендерге естіген әңгімелерімді кітап қылып тартамын.; С) Жел соқпай, құс шуламай бәрі жым- жырт.; Д) Дариға, домбырамды берші маған!; Е) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
- 13. Салаластың түрін ажыратыңыз.
- Өзінің ширақтығында шек жоқ: ағыны әжептәуір судың иіріміне қойып келіп кетеді.
- А) Себеп- салдар; В) Түсіндірмелі.; С) Кезектес.; Д) Ыңғайлас.; Е) Талғаулы.
- 14. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
- А) Бұларыңыз бүлдіршіндерге үлкен сыйлық.; В) Досанның тауға қайтадан барғысы келді.; С) Ауылдың малы балалап, айран шықты аз- көпті.; Д) Асан ұйықтап қалды.; Е) Ермек өте жақсы оқиды.
- 15. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
- А) Бала жігіт бұйрықты екі етпейтінін айтты.; В) Әркім- әуелі өз ауылының баласы.; С) Бұл- ойланатын нәрсе.; Д) Туған жер- алтын бесік.; Е) «Білмеске сөзің қор боп кетер»,- деген М. Дулатұлы.
- 16. ХIV- XVI ғасырлар аралығында өмір сүрген қазақ шешендерін анықтаңыз.
- А) Майқы би.; В) Абай, Ыбырай.; С) Б. Адамбаев, С. Негімов.; Д) Асан қайғы, Жиренше шешен.; Е) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
- 17. Ашық буынды сөзді табыңыз.
- А) Тар.; В) Дара.; С) шалқар.; Д) Жұмбақ.; Е) Кең
- 18. Күрделі зат есімді табыңыз.
- А) Күндік.; В) Жайдары.; С) Өнеркәсіп.; Д) Сұлулық.; Е) Малшы.
- 19. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
- А) -ар, -ер, -р; В) -қан, -кен.; С) -ғалы, -гелі.; Д) -мақ, -мек.; Е) -па, -пе.
- 20. Өздік есімдігін көрсетіңіз.
- А) Атаңыз.; В) Әрқашан; С) Бет- әлпет.; Д) Өзіңіз.; Е) Түзу.
- 21. Мекен үстеуді табыңыз.
- А) Осынша.; В) Төмен.; С) Бекерге.; Д) Әзер.; Е) Кеше.
- 22. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуін анықтаңыз.
- А) Салалас, сабақтас, аралас.; В) Жай, күрделі, көп бағыныңқылы.; С) Хабарлы, сұраулы, лепті.; Д) Толымды, толымсыз, жайылма.; Е) Жақты, жақсыз, атаулы.
- 23. Тағы басқа, тағы сол сияқты деген тіркестерді қысқартып жазғанда, әрбір әріптен кейін қойылатын белгіні көрсетіңіз.
- А) Қос нүкте.; бВ) Нүктелі үтір.; С) Көп нүкте.; Д) Нүкте.; Е) Үтір.
- 24. Сөйлемнің қай стиль түріне жататынын анықтаңыз.
- Туу, ит- ай...Сонша ұмытпай жүр бәрін.
- А) Ғылыми стиль.; В) Ауызекі сөйлеу.; С) Көркем әдебиет.; Д) Публицистикалық.; Е) Іс- қағаз стилі.
- 25. Қай сөзде « ақ» сөзі бөлек жазылады.
- А) Ақ (ниет); В) ақ (қала); С) ақ (иқат); Д) ақ (қу); Е) ақ (сүйек)
- 26. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
- А) Рахмет күлді, қуанды.; В) Мен елдің елшісімін.; С) Біздің заманымыз қандай екен?; Д) Талай сырды ақтардық.; Е) Қазақтың осынысы ұнайды.
- 27. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты сөйлемді табыңыз.
- А) Шопан бұған да жауапты еді.; В) Бұл жазушының байқағыштығын көрсетеді.; С) Қайың- күй таңдамайтын ағаш.; Д) Көрмес- түйені де көрмес.; Е) Болат қайнауда шынығады.
- 28. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңдар.
- А) Мақұлдау.; В) Өкіну.; С) Сендіру.; Д) Ой тәртібі.; Е) Көңіл- күй.
- 29. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.
- А) Театрға жастар көп келді.; В) Менің басым ауырады. Бас ауырса, дәрі ішу керек.; С) Көктем ерте шықты. Ол көктемде ауылына барады.; Д) Бүгін кеш ояндық. Бүгін емтихан болады.; Е) Кеш көңілді өтті. Қателігімді кеш.
- 30. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
- А) Ұлы тау, тіл білімі.; В) Өнер кәсіп, арамы адам.; С) Баян ауыл, жәрдем беру.; Д) Бас қосу, қол басшы.; Е) Күн бағыс, түйе құс.
- 3нұсқа
- 1. Болжалдық сан есімді анықтаңыз.
- А) Отыз шақты В) Бір жарым С) Он-оннан
- Д) Қырық Е) Сегізінші
- 2. Сілтеу есімдігін табыңыз.
- А) Сен В) Кім С) Өзі Д) Мен Е) Осы
- 3. «Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі» мақалының түйіні неде, табыңыз.
- А) Батырлық В) Ынтымақ. С) Егіншілік. Д) Денсаулық. Е) Ас, тағам.
- 4. Жіктік жалғауының 1-жағының қосымшасын көрсетіңіз.
- А) -ды, -ді. В) -сың, -сің. С) -пыз, -піз.
- Д) -ған, -ген. Е) -ып, -іп.
- 5. Сөйлеушінің көңіл-күйін білдіріп, ерекше әуенмен айтылатын сөйлемді қандай сөйлем дейді.
- А) Лепті сөйлем В) Хабарлы сөйлем С) Сұраулы сөйлем Д) Бұйрықты сөйлем Е) Жай сөйлем
- 6. Ол бес деген баға алды. Сөйлемдегі тырнақшаға алынатын сөзді көрсетіңіз.
- А) Баға. В) Бес. С) Ол. Д) Алды. Е) Деген.
- 7. Сұраулы сөйлемді табыңыз.
- А) Мен жеті жастамын В) Менің атым – Қожа
- С) Қош келдіңіз Д) Ол үйде ме Е) Күн суытты
- 8. Анықтауышты табыңыз. Мен бұл әнгімені инженерге айттым.
- А) Айттым. В)инженерге. С) бұл. Д) Мен. Е) әңгімені.
- 9. Мақсат пысықтауышты табыңыз.
- А) Қасақана. В) Ертеде. С) Ұялғаннан.
- Д) Өршелене. Е) Бұл жолы.
- 10. Қыстырма сөзді табыңыз.
- А) Жақсы. В) Оның айтуынша.
- С) Қош. Д) Құдай-ақ. Е) Құп.
- 11. Сөйлем неден құралады, көрсетіңіз.
- А) Ойдан В) Әріптен С) Сөзден
- Д) Буыннан Е) Екпіннен
- 12. Жалаң сөйлемді табыңыз.
- А) Ит өлген жер В) Талдықорған С)Сары жапырақ
- Д) Күн шықты Е) Жаз
- 13. Тура толықтауыш қалай жасалады, белгілеңіз.
- А) Барыс септігі арқылы В) Көмектес септігі
- арқылы С) Атау септігі арқылы
- Д) Табыс септігі арқылы Е) Ілік септігі арқылы
- 14. Қысаң дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.
- А) Ы, І, И, Э. В) Ү, І, Э, Е. С) І, Ы, Ұ, Ү.
- Д) А, Ы, И, Ғ. Е) О, И, А, Ө.
- 15. «Қырықтарда» - сан есімнің қай мағыналық
- түрі екенін белгілеңіз.
- А) Болжалдық В) Есептік. С) Бөлшектік.
- Д) Жинақтық. Е) Реттік.
- 16. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы зат
- есімдерді көрсетіңіз.
- А) Іле, Лепсі. В) Қарағанды, Жетісу. С) Адай, Балбырауын. Д) Амангелді, Ақбота. Е) Балқаш, Зайсан.
- 17. Шақыру одағай қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
- А) Шынында, ол ауырды. В) Әжем сиырды «аухау- аухау» деп шақырды. С) Алақай, ағам келді.
- Д) Шіркін, мен ұшқыш болсам.
- Е) Ой! Сонда, қалай болды?
- 18. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді, көрсетіңіз.
- А) 3 В) 1 С) 4 Д) 2 Е) 5
- 19.Тыныс белгілерін дұрыс қою ережелерінің жиынтығын табыңыз.
- А) Фонетика. В) Морфология. С) Лексика. Д) Синтаксис. Е) Пунктуация.
- 20. Септеулік шылауды табыңыз.
- А) Тек. В) Мыс. С) Егер. Д) Әйткенмен.
- Е) Арқылы.
- 21. Тұрақты тіркесті табыңыз.
- А) Қала мен ауыл арасы. В) Алты қанат
- ақ үй. С) Көпке тараған ән. Д) Қас пен көз арасында. Е) Ел арасында.
- 22. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
- А) Марат жүгіріп кетті. В) Аяғын аспаннан келтіру. С) Оларға келуге болмайды.
- Д) Ақ жейделі бала. Е) Жаз.
- 23. Қарсылықты салаластың
- жалғаулықтарын табыңыз.
- А) Және, әрі, да, де. В) Сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті. С) Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда. Д) Бірде, біресе, кейде.
- Е) Немесе, яқи, я, болмаса.
- 24. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.
- А) Жауып тұр қар далада. В) Мен Павлодар қаласында тұрамын. С) Бар сенің екі ағаң.
- Д) Болып істейді менің әкем инженер.
- Е) Мектеп жанында сіздің үйіңіз.
- 25. Дерексіз зат есімді табыңыз.
- А) Қүс В) Тамақ. С) Өсімдік. Д) Жылқы Е) Талап.
- 26. Антоним сөздерді табыңыз.
- А) Үрпию- ербию. В) Қарау-көру.
- С) Тұнжырау-жадырау. Д) Шабу- ору.
- Е) Жанды- жақты.
- 27. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
- А) Дұшпанға тастай қатты бол. В) Тіл- сарқылмас ғылым. С) Көп алғысы көгертер. Д) Ақылды адам айтқызбай біледі. Е) Япырмау, қайда сол күндер.
- 28. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
- А) Өркенің өссін, балам! В) Бәрекелді, ұлы сөз! С) Сөз жоқ, тағы келеміз.
- Д) Қап, мынаның айтқаны-ай!
- Е) Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
- 29. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
- А) Қыстырма сөзден кейін В) Бірыңғай мүшелердің арасында С) Одағай сөзден кейін Д) Атаулы сөйлемнен кейін
- Е) Бастауыш пен баяндауыш арасында
- 30. Жай сөйлемді көрсетіңіз.
- А) Сырын жасырмау В) Таң сібірлеп атты.
- С) Ауылдың малы. Д) Жаздың жайлы күні еді, мен көрші ауылға барғанмын.
- Е) Тон пішер.
- Тест 4 ңұсқа
- 1. Үндестік заңының неше түрі бар?
- а) 4 в) 2 с) 1 д) 3 е) 5
- 2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар екенін анықтаңыз.
- а) 11 в) 9 с) 10 д) 7 е) 6
- 3. Сөйлемнің баяндауышы нешінші жақта тұрғанын анықтаныз: Әрбір талапкердің оқуға түскісі келеді.
- а) I жақ в) II жақ с) I жақ, көпше түрі
- д) III жақ е) II жақ, сыпайы түрі
- 4. Шәкен Айманов қандай мамандық иесі?
- а) әдебиетші в) тарихшы с) жазушы
- д) актер е) аудармашы
- 5. "Қой ауызынан шөп алмас" тұрақты сөз тіркесінің синонимін табыңыз.
- а) ұялшақ в) ерке с) жалқау д) момын е) үндемес
- 6.Шартты райдың қосымшасын көрсетіңіз.
- а) -ған, -ген в) -а, - е с) -ды, - ді д) -ғы, -гі е) -са, - се
- 7. " Шәкірт" сөзінің синонимін табыңыз.
- а) мұғалім в) оқушы с) жолдас д) ұстаз е) жетекші
- 8. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
- а) 5 в) 6 с) 4 д) 7 е) 8
- 9. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз.
- а) да, де, та, те, және, әрі. в) бірақ, алайда, дегенмен
- с) не, немесе, әлде, яғни д) біресе, кейде, бәрде
- е) себебі, өйткені, неге десең
- 10. Мақалды аяқтаңыз. Төзім мен еңбек - бәрін де ...
- а) толтырмақ в) айтпақ с) жеңбек д) үйренбек е) апармақ
- 11. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
- а) Биыл ауылда болдым және жайлаудағы ағаларымның үйіне бардым.
- в) Биыл ауылда болдым, бірақ жайлаудағы ағаларымның үйіне бармадым.
- с) Биыл ауылда болмадым, соңдықтан жайлаудағы ағаларымның үйіне бара алмадым.
- д) Биыл ауылда болдым, яғни жайлаудағы ағаларымның үйіне де барып қайттым.
- е) Биыл ауылда болдым, жайлаудағы ағаларымның үйіне бардым.
- 12. Жинақтау сан есімнен болып тұрған мақал - мәтелді көрсетіңіз.
- а) Ас - адамның арқауы. в) Ағайын - алтау, ана – біреу.
- с) Еңбек ер ынталандырады. д) Туған жердей жер болмас.
- е) Күшіне сенбе, адал ісіне сен.
- 13. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығын зерттейтін ғылым түрін айқындаңыз:
- а) Лексика в) Морфология с) Фонетика д) Синтаксис
- е) Сөз таптары
- 14. Қалау райда жазыңыз. Мен қазақ тілін біл... кел...
- а) -ейін, -ді в) -іп, -еді с) -іп, -генсің
- д) -гім, -еді е) -се, -ді
- 15. Жіктелген зат есімді көрсетіңіз:
- а) Көмектесіңіз в) Жапырақ с) Мектебім
- д) Дәрігермін е) Балаңыз
- 16. Антоним дегеніміз не?
- а) Сөздің ауыспалы мағынасы в) Мағыналары жуық сөздес) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
- д) Біріккен сөздер е) Айтылуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер
- 17. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз:
- а) Қарағым, оқуынды оқы.
- в) Шіркін, ақын болсаң, осындай бол.
- с) О, бәрекелді, өлеңді жақсы шығарыпсың!
- д) Сіздікі, расында, дұрыс еді.
- е) Айналайын, мені көшеден өткізші.
- 18. Болымсыз етістіктің жұрнақтары.:
- а) -қы, -кі, ғы, гі в) -са, -се с) -ды, -ді, -ты, -ті
- д) -а, -е, й е) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
- 19. Төмендегі тұрақты сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз: Не успеешь оглянуться.
- а) Көз көргені в) Көзді ашып жұмғанша
- с) Көзі ашылу д) Бір шоқып, екі қарау
- е) Көз тоқтау
- 20. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды:
- а) 1991 ж. в) 1993 ж. с) 1992 ж. д) 1990 ж. е) 1994 ж.
- 21. Реттік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз:
- а) Кім? Не? в) Қандай? с) Нешеу? д) Неше? Қанша?
- е) Нешінші?
- 22. Елбасының " Қазақстан - 2030" Жолдауы қашан жарияланды:
- а) 2005 ж. в) 2000 ж. с) 1996 ж. д) 1997 ж. е) 1999 ж.
- 23. Заттың іс - қимылының мезгілін, мекенін, жай - күйін білдіретін сөздерді қалай атайды?
- а) Сын есім в) Үстеу с) Етістік д) Сан есім е) Зат есім
- 24.Берілген сөздер ішінен синонимдік қатарды табыңыздар:
- а) Белгілі, атақты, атаулы в) Әдемі, жақсы, ұзын
- с) Тез, жылдам, баяу д) Білімді, ақылды
- е) Таза, жарық, үлгілі
- 25."Қуану" деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.
- а) Жұмған ауызын ашпау в) Тас жүрек с) Бетінен от шығу
- д) Жүрегі жарылу е) Көз ілмеу
- 26. "Жаңа сөздер" сөзінің дұрыс аудармасын табаңыз:
- а) Крылатые слова в) Неологизмы с) Устаревшие слова
- д) Термины е) Многозначные слова
- 27. Жақсыз сөйлемді ажыратыңыз:
- а) Оның қайта жазғысы келмеді. в) Ол сабағын оқыды.
- с) Оқушылар сайысқа дайындалуда. д) Мен кітапханаға бара жатырмын. е) Күзде жаңбыр жиі жауады.
- 28. Жай сөйлемнің түрін анықтаныз: Жиналыс аяқталды
- а) Толымсыз в) Жалаң с) Жайылма д) Атаулы
- е) Жақсыз
- 29. Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын айқынданыз:
- а) да, де, та, те, және, әрі в) сондықтан, себебі, өйткені
- с) бірақ, алайда, дегенмен д) біресе, кейде, бірде
- е) не, немесе, я, әлде
- 30. Жазылуы мен айтылуы бірдей, мағыналары түрлі сөздер қалай аталады:
- а) Антоним в) Синоним с) Омоним д) Полиссимия
- е) Фразеологизм
Advertisement
Add Comment
Please, Sign In to add comment
Advertisement